Маңғыстаудағы және Үстірт қорығындағы шыңдардың тік жарларында, таулы шатқалдардың қиыршықтасты беткейлерінде, жартастардың сызаттарында, жазықтық шөлдер мен адырларда да кәдімгі жұмсақ жеміс өсімдігі өседі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының айтуынша, кәдімгі жұмсақжеміс өсімдігі (Malacocarpus crithmifolius) шектеулі территорияда кездесетін, өсу ортасы өзгергенде жойылып кетуі ықтимал сирек түр. Монотипті туыс өкілі, реликт. Азықтық, декоративті өсімдік. Биіктігі 1,5 м, бұтақтары жайылған жазық жасыл өсімдік.
Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусымда жеміс береді. Ал оның жеміс – шырынды, түсі қызыл дөңгеленген үш ұялы жидек. Щ
Шілде-қыркүйекте жемісі піседі. Тамыз-қазанда тұқым шашады.Жемісі жеуге жарамды, одан көбіне тосап қайнатуға болады.
Жеміс шырынының құрамы С витамині мен каротинге бай. Кәдімгі жұмсақжемістің жылдан жылға таралу аймағы азайып, бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Гүлдері қосжынысты, жалқы, гүлсағағының ұзындығы 2 см-ге жетеді. Ал апырақтарына қарама-қарсы орналасады, тостағаншасы 5 салалы. Күлтелері лимон-сары, бір гүлде 5 тен. Генеративті кезеңі 2 жыл өткен соң басталады. Тамырдан жаңарып, сұлатпа бұтақтарымен бекініп, тұқым арқылы да көбейеді.