Мереке күндері Ақтау қаласының ауа - райы бұлтты болады. Ауа температурасы +10+12°C - ты құрайды. 7 - 12 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні мерекелік көңіл - күйдің бұзылуына қатты әсер ете қоймайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, елдің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.