Ақтауда «Қызмет алушылар күні» өтті. Шараға 20-ға жуық қала тұрғыны қатысты, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындар ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу және есепке алу, субсидиялар беру саласы бойынша тегін кеңестер алды. Шараға қатысқандар мамандарға өздерінің сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.
-Шараның мақсаты - азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру. Мемлекеттік қызмет алушылар күні тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Алдағы уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңкелер ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деді Ақтау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторинг жасау бөлімнінің басшысы Шынар Сармұханова.