Ақтауда Тойота Прадо маркалы көлігінің иесі 30 шағынаудандағы «Арзан» сауда орталығының жанында өз көлігін жаяу жүргіншілер жолына қойып кеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталған.
Сондай-ақ Тойота Хайс автокөлігінің иесі көлік жолында апаттық жағдай туғызған.
Қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 606-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты.