Ақтау тұрғынының айтуынша, ол өзін және балаларын жаңа емханаға тіркеген. Сол күні оған емдеу мекемесінің медбикесі телефон соғып, үйіне баратынын айтқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ол алдымен телефон соғып, тұрғылықты мекенжайымызды тексеруге келетінін айтты. Бұйрығы бар, тіпті тоңазытқышты да тексеруге рұқсаты бар екен. Бұл заңды ма? – деп сұрайды Ақтау қаласының тұрғыны.
Сайт редакциясы кеңес алу үшін заңгерге жүгінді - пәтерді тексеруге емхана медицина қызметкерінің құқығы бар ма?
«Егер оларда, мысалы, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бұйрық болса, үйге келіп, шынымен де осы мекенжайда тұратынын немесе тұрмайтынын тексере алады. Бірақ тұрмыстық жағдайды, әсіресе тоңазытқышты тексеруге ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының Конституциясы баспанамыздың қол сұғылмауына кепілдік береді», – дейді заңгер.
Сайт редакциясы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түсініктеме алуға тырысқан. Алайда басқарма жауап беруге асықпайды.
Мүмкін, басқарма өкілдері мына сұрақтарға жауап беруге дайын болар: медбикелерде пациенттің тоңазытқышын тексеруге арналған бұйрық бар ма? Ал егер бар болса, бұйрық қандай заң негізінде жасалды?