Түнде Ақтаудағы 17-шағын ауданда 4 қабатты “Loto Club” ғимараты өртенді. Өрт ең соңғы қабаттан (демалатын бөлменің өртенуінен) шыққан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өрттің жалпы ауданы 20 ш.м. Адамдарды эвакуациялау болған жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 15 қызметкері мен 6 бірлік техника, 7 полиция қызметкері мен 3 бірлік техника, жедел жәрдем (4 қызметкер және 1 бірлік техника) шықты.