Ақтау қаласындағы Приозерный тұрғын алабының тұрғыны өндірістік аймақ-1 ауданы мен «Арман» сыра қайнату зауытының ауыз су құбыры жарылғанын хабарлады. Су бірнеше айдан бері далаға ағып жатыр, ал жарылған құбыр әлі күнге дейін жөнделмеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Бұл бірнеше айдан бері жалғасып келеді, су далаға ағып жатыр. Аққан су үйіміздің алдына жетті. Қалада су жетпей жатса да, бұл мәселені шешуге ешкім асықпайды. Ал бұл құбыр арқылы Ақтауға ауыз су беріледі, - деп жазады әйел.
Видеодан жарылған құбырды шүберекпен байлап қойғанын байқауға болады.
«МАЭК» ЖШС Приозерный тұрғынының өтінімін қабылдағанын, құбырды жақын арада жөндейтінін хабарлады.