6656 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан күні аталып өтті. Биыл ел армиясының беделді жасағының құрылғанына 32 жыл толды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы еліміздің біртұтас ішкі істер жүйесінің бір бөлігі бола отырып, ішкі тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін нығайтуға ерекше үлес қосып келеді. Осы уақыт аралығында Ұлттық ұлан әскерилерінің жанкештілігі мен ерлік істерінің үлгілері көп болды.
Ұлттық ұлан күніне орай бөлімнің мәжіліс залында ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге марапаттар табыс етілді.
Мерекелік бағдарлама 6656 әскери бөлімінің оркестрінің, сондай-ақ шақырылған өнерпаздардың қатысуымен өткен шығармашылық концертке ұласты.
Іс-шара барысында бөлімнің әскери қызметшілеріне өзге әскери құрылымдардың өкілдері мен бөлімшенің ардагерлері тарапынан жылы лебіздер айтылды.