Ақтауда қорғаныс істері жөніндегі департамент және облыстық әкімдік бірлесіп командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуларын өткізді. Жаттығу «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқару органдары мен әскерлерін даярлау жоспарына сәйкес, сондай-ақ Ақтау гарнизонының аумақтық қорғаныс бригадасы базасында жауынгерлік әзірлікті жоғары дәрежеге келтіру кезінде аумақтық әскерлердің жұмылдыру дайындығын тексеру үшін өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты - хабарлау, жұмылдыру ресурстарын жеткізу, далалық дағдыларды арттыру және аумақтық әскерлердің командалық құрамының үйлесімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу. Бұдан басқа, қаланың стратегиялық объектілерін күзету және қорғау жөніндегі міндеттерді орындау мәселелері бойынша аумақтық қорғаныс бригадалары басқармаларының басшы құрамының білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша іс-шаралар өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында жергілікті әскери басқару органдарымен бірлескен іс-қимыл және өзара хабарлау мәселелері, сондай-ақ аумақтық қорғаныс бригадасын жасақтау үшін жұмылдыру ресурстарын жеткізу мәселелері пысықталды.
«Жаттығулар екі кезеңде өткізілді. Біріншісі кезінде бригаданы жұмылдыру және жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, сондай-ақ Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен Заңды және жеке тұлғалардың адам және көлік ресурстарын қабылдау және жеткізу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды. Екінші кезең барысында әскери және мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзетуді ұйымдастыру, төтенше жағдайды қолдау үшін әкімшілік – аумақтық аймақтағы күш құрылымдарымен өзара іс–қимыл мәселелері пысықталды», - деп атап өтті аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Әбдірахман Сәукенов.