«Риза ана» қоғамдық қоры, Маңғыстау кәсіпкерлік басқармасының тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл жаңа тренд» тақырыбында гранттық жобасын жүзеге асырылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жобаның мақсаты - Маңғыстау әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне жаңа 20 кәсіпкерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізу.
Жоба аясында Маңғыстау облысының әр аудандарын аралап Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін түсіндіру . Екінші міндет - 25 әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлерді және жұмыс істеп тұрған әлеуметтік кәсіпкерлердің қызметін сүйемелдеу, және консультативтік, әдістемелік және менторлық қолдау көрсету, өңірімізге танымал әлеуметтік кәсіпкер Бибігүл Рамазанованың менторлық қолдауы. Әлеуметтік кәсіпкерлер саласында жаңалықтар мен үздік тәжірбиелер жинағы шығару жобамен 200 дана дайындау және тарату.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіміне кіру үшін талаптарға сәйкес келмейтін, алайда аталған салада жұмыс істейтін әлеуметтік кәсіпкерлерге арнап шағын гранттар беру жоспарланған. Реестрге тіркелген 33 әлеуметтік кәсіпкер ішінен 7 кәсіпкерді 5 аудан 2 қалаға билбордқа іліп, 3 әлеуметтік кәсіпкерді Алматы, Астана және Шымкент қалаларына тағылымдамадан өткізу жоспарланды.