Ақтауда теңіз жағасында Наурыз мерекесіне орай ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық ойындар ойнап, жарыс барысында бір-біріне ерекше қолдау білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік шараға қатысқандар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, кір көтеру, ләңгі тебу және қол күресінен бақ сынады.
-Мерекелік шараға қатысқандардың көбі қол күресі, кір көтеру және ләңгі тебуге қатысты. Бұл тұрғындардың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығы артуын білдіреді. Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! - деді Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Айдана Мұратова.
Ұлттық ойындардың қорытындысы бойынша:
Қазақ күресі
70 кг салмақ дәрежесінде
І орын - Диас Абыл.
ІІ орын - Мадияр Мақу.
ІІІ орын - Әбубәкір Абдухакимұлы.
Түйе палуандар арасында
І орын - Әлібек Сәрсенғалиев.
ІІ орын - Бисенбек Наурызбай.
ІІІ орын - Абай Айбатыр.
Тоғызқұмалақ
Ерлер арасында
І орын - Мирас Наурызбай
ІІ орын - Ғазиз Ахметжан
ІІІ орын- Асанәлі Наурызбай
Қыздар арасында
1 орын - Инабат Маратқызы
2 орын - Мариям Қауанбек
3 орын - Ақмаржан Өтебаева
Асық ату
І орын Шапағат Мурзабеков
ІІ орын Балнур Орынбасарова
ІІІ орын Жансерік Орынғали
Бес асық
І орын Аянат Серікбаева
ІІ орын Адиля Исенбай
ІІІ орын Айжан Елджанова
Ләңгі(ұлдар)
І орын - Айтуар Өтеулиев
ІІ орын - Балтабек Бижанов
ІІІ орын - Талғат Сазанбаев
Ләңгі(қыздар)
І орын - Нұргүл Бабева
ІІ орын - Зинайда Бабаева
ІІІ орын - Алия Сарыбаева
Қол күресі (қыздар)
І орын - Еркеназ Быдан
ІІ орын - Адия Бахитова
ІІІ орын - Көркем Берниязова
Қол күресі (ұлдар)
І орын - Талғат Назымов
ІІ орын - Нұрберген Рамазан
ІІІ орын - Алмас Жолдасов
Кір тасын көтеру (ұлдар)
І орын - Айдос Әлу
ІІ орын - Қайыпберді Нақышбаев
ІІІ орын - Азизбек Оразбаев
Кір тасын көтеру (қыздар)
І орын - Эльмира Аймұратова
ІІ орын - Меруерт Тобыш
ІІІ орын - Маусым Оразалы