"Наурыз" мерекесін Маңғыстау құтқарушылары салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдармен күтіп алды, деп хабарлайды mangydtaumedia.kz
Мерекеде ағаш үйлер тігілді. Ұлттық киімдер киген қызметкерлер өнерлерімен жарысты. Мерекеде "Қыз ұзату", "Беташар", "Баланы бесікке салу" салт-дәстүрлерінің көрсетілімдері қойылды.
Құтқарушылар садақ ату жарысын да ұйымдастырды.
-Мақсатымыз - ұлттық спортты дәріптеу. Қазақстан дәстүрлер мен ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей спорттық жарыстарға бай ел, - деді жарысқа қатысушы қызметкерлер.