Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетте қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме беріп.
"Қазір егжей-тегжей анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпарат түспеді. Қосымша ақпарат белгілі болған кезде береміз. Елшілікте қазір 8 (925) 897-71-14 сенім телефоны жұмыс істейді", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.