23 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Бұл күні әлем бойынша мыңдаған түрлі сәулет нысандары мен ғимараттар бір сағатқа жарықты өшіреді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
«Жер сағаты» - бұл әр түрлі елдерден миллиондаған адамдар 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтандыруды өшіретін уақыт. Акцияның мақсаты - табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
2024 жылы Қазақстандағы «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбымен тұспа-тұс келеді.