Хонда орталығынан Өмірзақ теміржол өткеліне дейінгі автомобиль жолын реконструкциялау жобасын іске асыру үшін кезеңдерге сәйкес бірнеше автомобиль жолы жабылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
1-ші кезең: 24.05.2023 жылы сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін 1-шағынаудан (ADVER) қиылысынан Рахат қонақ үйінің қиылысына дейінгі жол.
25.05.2023 жылы сағат 6:00-ден 9:00-ге дейін "Рахат" қонақ үйі қиылысындағы жол.
2-ші кезең: 25.05.2023 жылдан бастап 02.06.2023 жылға дейін Рахат қонақ үйінің қиылысынан (1-шағынаудан) Өмірзақ теміржол өткеліне дейінгі жол учаскесі ішінара жабылады.
Қала тұрғындары мен көлік ұйымдарынан осы учаскедегі кептелісті болдырмау үшін автокөліктердің жүру маршруттарын алдын ала қайта қарау сұралады.