7 маусымда Каспий теңізінің таяздануына байланысты ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу үшін Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия сағат 15:00-де табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Жобалық іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланған.
Ақтау әкімдігі қабылданған шешім өңірдегі энергоресурстардың бас жеткізушісі "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейтінін, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылатынын атады.