№1 Ақтау қалалық емханасында жастарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға репродуктивтік, психологиялық және медициналық көмек көрсететін «Жас толқын» жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталықта педиатр, терапевт, психолог, әлеуметтік қызметкер, уролог және ювенолог дәрігер қызмет атқарады. Денсаулық орталығы 8:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Орталық жастарға тегін қызмет көрсетеді.
-«Жас толқын» денсаулық орталығы жыл басынан бері орталық мамандары денсаулығына қатысты шағыммен келген 123 адамды қабылдады. Олардың басым көпшілігі 15-18 жастағы қыз балалар мен жастар. Одан бөлек, мамандар өз саласы бойынша жасөспірімдерге арналған тренинг пен семинарлар ұйымдастырады, - дейді №1 Ақтау қалалық емханасының директоры Айгүл Кенжина.