Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев жекеменшік «Абай» халықаралық мектебінің құрылысымен танысты. Жекеменшік мектеп 18А шағынауданда салынып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
900 орындық жекеменшік мектеп үш қабаттан тұрады. Білім ордасы жалпы аумағы 25 000 м2. «Абай» халықаралық мектебі халықаралық бакалавриат жүйесімен оқытатын қаладағы алғашқы мектеп болмақ. Жауаптылардың айтуынша, мектепте екі асхана және екі спортзал болады. Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиев мектепте балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасалуы қажет екенін айтты.
- Ақтау қаласында жалпы 52 мектеп бар. Оның 23-і жекеменшік мектеп. Кез келген мектепте балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасалуы қажет. Оқушылардың білім ордасындағы қауіпсіздік мәселесін де қарастырған жөн, - деді қала әкімі Ұлықбек Тінәлиев.
Айта кетейік, халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша елімізде 7 мектеп авторизацияланған.