Ақтауда 10 тамыз күні түн ішінде 32А шағын ауданында 30 жастағы ер адамды өлтіріп кетті. Қайғылы оқиға №16 үйдің маңында түнгі сағат 2:15 кезінде болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысы бар қылмыскердің жеке дерегі анықталып, құқық қорғау органдары жедел іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қанды оқиғаға қатысты дерек қылмыстық кодекстің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сонымен бірге, кісі өлімінің мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалып отыр.