2023 жылдың 21 қазан күні сағат 8:50-де 102 кезекші пультіне 7 шағын аудандағы үйлердің біріне шақырту келіп түскен. Шақыртуға жедел-тергеу тобы барып, пәтерден 2021 және 2022 жылғы балалардың мәйітін тапқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілген.
Белгілі болғандай, төменгі қабаттағы пәтер иесі үйін улаған.
- Аталған дерек ҚР ҚК 304-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТТБТ-де тіркелді. Сараптама тағайындалды. Оқиға орнында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары болды, - делінген полиция хабарламасында.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Тағы бір бала қалыпты ауыр жағдайда жатыр.
Облыс тұрғындарынан тек мамандардың көмегіне жүгіну арқылы жәндіктерді улау сұралады.