Ақтауда Ұлттық мереке - Республика күніне арналған республикалық жыршылар фестивалі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Жыр – маржан» байқауын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тапсырысына сәйкес «Бақ-Жұлдыз» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Іс-шарада Маңғыстау, Арқа, Жетісу, Сыр, Батыс мектептерінің мақам-саздары, ән-жырлары орындалды. Фестивальдің шарты бойынша әр қатысушы өз мектебінен екі шығарма орындады.
Сонымен қатар жоба басталғалы Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданында жас жыршыларды дайындау, Маңғыстау жыр мектебін, мақам-сазын насихаттау бойынша шеберлік сағаттарын өткізген ұстаздарға алғыс айтылып, қатысушыларға ақшалай сыйақы табысталды.
Жыр кеші Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жыр жанры бағытындағы жас таланттарға қолдау» бойынша әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
#republicday