Ақпанның 8,9 күндері аралығында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаттығу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен «2024 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша өткізіледі.
“Өткізілетін шаралар кезінде 2024 жылғы ақпанның 8 күні сағат 11:55 бастап электрдабылдар іске қосылады. Сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз” деген хабарламада.