Ақтауда бүгін сағат 09-49-да 14 шағынауданда салынып жатқан 6 қабатты "Soho" тұрғын үйінің сыртқы қаптамасы өртенді, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 2-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейінгі қаптама өртенген. Өрт ТЖД қызметкерлері келгенге дейін сөндірілген. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 30 шаршы метрді қамтиды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
- Оқиға орнына мән-жайларды анықтау үшін Ақтау қаласы бойынша ТЖБ анықтаушысы жіберілді. Өрттің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.