Ақтауда 2 ер адам блогер қызға шабуыл жасап, өлтірмек болған. Қазір зардап шеккен блогердің жағдайы – орташа ауыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әлеуметтік желіде ұрып-соғудың әсерінен ауыр халге түскенін айтқанын блогер жігіттерді жазалауды сұрайды.
«Мен Дүйсенова Несібелі Маратқызы қазіргі таңда облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде орташа ауыр дәрежеде жатырмын. Маған қасақана өлтіру мақсатында шабуыл жасаған Т. Т. қамауға алып, 24-баппен іс қозғауыңызды талап етемін»,- делінген блогердің желідегі постында.
Оның айтуынша, жәбірлеушіге бұл жерден тірі шықпайтынын ескерткен. Қыздың өтінішіне құлақ аспай, зорлық әрекетін жалғастыра берген. Мойнын жіппен қылқындырып, басына секірген көрінеді.
Mangystaumedia.kz сайтының редакциясы облыстық ПД-дан оқиғаға қатысты нақты жауап күтуде.