Маусым айының 17-23 күндері аралығында, яғни бір апта ішінде жол сақшыларымен Ақтау қаласы бойынша 900 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, көлік құралын мас күйде басқарған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткіден масаю күйінде басқару, қарсы бағытқа шығу, жылдамдық режимін асыру деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікпен қала жолдарын күзетіп, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтап, жүргізушілерді жауапкершілікке тартқан.
Мәселе соңғы 1 аптада көлік басқаруға құқығы жоқ немесе көлік құжаттары жоқ 40 жүргізуші және көлікті сақтандыру полисі жоқ күйде басқарған жүргізушілер анықталған. Сондай-ақ бір апта ішінде жол жүрісі ережелерін бұзған жаяу жүргіншілердің саны - 222 адам. Осы және өзге де жолдағы өрескел құқық бұзушылықтар үшін арнайы айыптұраққа 7 күн ішінде 79 автокөлік жабылған. .
Ақтау полициясы барша жол қозғалысына қатысушылардан ережелерді қатаң сақтап, жолда мұқият әрі сақ болуларын сұрайды.