Ақтауда тұрғын үй кешендерінің бірінің кіреберісінде әйелге күш көрсеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұған дейін әлеуметтік желіде «Ақтау» тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінде ер адамның әйелге күш көрсеткені түскен видео тараған болатын. Балалардың көзінше ер адам әйелді жұлқылап, күш көрсеткен.
- Күдікті ұсталып, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.