Биыл облыс орталығындағы жолды күтіп ұстауға «Строй Инвест 2020 Компания» ЖШС жауапты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.
- Биыл «Ақтау қаласының автомобиль жолдарын күтіп ұстау» мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «Строй Инвест 2020 Компаниясы» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Келісім 2023 жылдың 1 мамырында күшіне енді. Қазіргі таңда қалада қалпына келтіру, жол белгілерін ауыстыру, жол белгілерін сырлау, нөсер су құрылғыларын орнату және жөндеу, жолдарды тазалау, т.б жұмыстар жүргізіліп жатыр, - дейді бөлім мамандары.
Қазіргі таңда 3000 шаршы метрден астам жол жөнделді. Қаланың орталық жолдарында жол белгілерін сырлау жұмыстары жүргізілуде.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА