Ауруханаға жеткізілген бала үш күннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Зардап шеккен бала ауыр жарақат алған. Жасанды тыныс алу аппаратында қосылып, комада жатқан. Бала бүгін қайтыс болды. Екі күннен кейін ол тура 4 жасқа толар еді.
Еске салайық, бала 6 шағынауданда бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол жеті және бір жастағы басқа балалармен бірге ересектердің қарауынсыз қалған.