Ақтау қаласының қорғаныс істері басқармасы әскери міндетін атқарудан жалтарған азаматтарға жауапкершілік туралы ескертті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Құрметті Ақтау қаласының 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтары! Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387-бабы бойынша әскерге шақырту қағазын алып, комиссариатқа келмей жүрген азаматтарға 3 млн 63 мың тг көлемінде айыппұл салынатынын немесе 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылатынын ескертеміз. Электронды немесе қағаз түрінде әскерге шақырту қағазын алған азаматтарды өз еркімен келуін сұраймыз, - делінген хабарламада.
Толық ақпарат алу үшін Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына хабарласыңыз.
Мекен-жай: Ақтау қаласы 32в шағын аудан, 21 ғимарат. Байланыс телефоны: 8(7292)33-00-73