Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында тұрғынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«А. қоғамдық орында алкоголь ішкені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартыла тұра, бір жыл ішінде қайталап, Ақтау қаласының 26 шағынаудан 24 үйдің кіреберісінде, яғни қоғамдық орында адамның қадір-қасиетін және қоғамдық құндылықтарды қорлайтын мас күйде болған», деп жазылған соттың хабарламасында.
Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.