«Саламатты Ел» қоғамдық қоры «Отбасылық құндылықтарды насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны іске асыруда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
2023 жылдың 18-20 мамыр күндері Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты жас әкелерге арналған үш күндік семинар- тренинг өткізілді.
“Мақсаты - әке институтын нығайту және отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін арттыру, әкенің жағымды бейнесін дәріптеуге бағытталған дәстүрлі отбасы құндылығын насихаттаудағы республикалық деңгейдегі білікті мамандардың қатысуын қамтамасыз ету,- дейді қоғамдық қордың басшысы Гүлзира Есетова.
Спикер ретінде «Сенімен Болашақ» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов, қоғам қайраткері, қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры Шерхан Арапбай, педагог, кәсіби бағдаршы, Елжас Ертайұлы жүргізді. Елжас Ертайұлы - отбасы тәрбиесі бойынша тренер, «Бақытты бала химиясы» және «Бала тәрбиесіндегі ЛАЙФХАКТАР» атты 6 кітаптың авторы.
Жоба Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық қолдауымен іске асырылуда.