"Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" жылу энергиясының тапшылығы мәселесін шешу үшін Ақтауда 10 блоктық-модульдік қазандық салынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қазір қуаты сағатына 360 Гкал болатын жаңа қазандықтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, автоматтандырылған жылу басқару тораптарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бес жүз бірлік орнатылды. Жылу басқару тораптарын орнату алдағы жылғы жоспарға да енгілізіліп отыр.