Ақтауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоқыс жинау жарысы ұйымдастырылады. Ол 12 қазанда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін жағажайда өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ұйымдастырушылар автобустар мен барлық қажетті құралдарды тегін ұсынады. Қатысушылар жағалаудағы қоқыстарды жинап, тапсырмаларды орындап, сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ жаңа адамдармен танысу мүмкіндігі болады. Әрбір қатысушы қала мен жағажайдың тазалығына өз үлесін қоса алады, яғни Ақтаудың қазіргіден де гүлденуіне ықпал етеді.
Бұл - биылғы жылдың соңғы қоқыс жинау жарысы, содан кейін маусым жабылады.
Қатысушы осы сілтеме арқылы 11 қазанға дейін тіркелуі керек.