
Ақтауда 29-шағынауданның ішкі жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстарға 3 техника мен 15 жұмысшы жұмылдырылды.
- Биыл қаладағы шағынауданның ішкі жолдарына 48 мың шаршы метр асфальт төсеу жоспарланды. Қазіргі таңда 29-шағынауданның ішкі жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тізімге сәйкес, жөндеуді қажет ететін басқа да шағынаудандардың ішкі жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ғазиз Сағынғалиев.
Айта кетейік, қаладағы шағынаудандардың ішкі жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған болатын.