Ақтау қалалық құрылыс бөлімі 1 және 1А - шағынаудан аралығындағы автомобиль жолдарының астынан байланыс желісін жүргізеді. Осыған байланысты аталған шағынаудандардағы автомобиль жолы 2 күнге, яғни наурыз айының 9-10 күні уақытша жабылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімі қала тұрғындарынан уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.