Ақтауда 21 және 25 шағынаудан аралығындағы автомобиль жолының астындағы ескірген кәріз құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған шағынаудандардағы автомобиль жолы 8 наурыздан бастап 23 наурызға дейін уақытша жабылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімі уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Сондай-ақ Ақтау қалалық құрылыс бөлімі жер қазылатын аумақта заңсыз жүргізілген инженерлік желілер болса, онда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімнен кешіктірілуі мүмкін екендігін ескертеді.