101 пультіне 28а-10 мекенжайындағы кіреберістегі түтін туралы хабарлама бүгін сағат 14:41-де түскен. Анықталғандай, бесінші қабаттағы кіреберістегі кілем өртеніп кеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өрт сөндірушілер келгенше өрт сөндірілді.
"Өртті сөндіруге 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді", - деді Ақтау қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мақсат Шапхатов.