Ақтаудағы Амфитеатр алаңында кезекті «Жиналайық» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық жастар басқармасының мәліметінше, талантты жастардың басын біріктірген кеште қатарында Pellariz, Oiu, Qqantar, Kasperbult, Keener Cost, Aceeq, Bikontay, Quraq тобының әншілері өнер көрсетті.
Сонымен қатар, «GTC», «DI FAMILY», «FREEDOM» би топтары да көпшіліктің қошеметіне ие болды. Бұл кеш тек өңір жұлдыздарына ғана емес, тасадағы талант иелеріне де арналып отыр. Сондықтан көрермендер ішінен өнерлі жастарды анықтау үшін dance battle ұйымдастырылды.
Жастарға арналған іс-шараны Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «AktownX» шығармашылық бірлестігі қолға алып отыр.