Ақтауда «Жартасты соқпақ» жолы қайтадан ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған соқпақ жол осыған дейін жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабық тұрған еді. Демеушілердің көмегімен жартасты соқпақ жолының 60 метр аумақты қамтитын маршруты өзгертілді.
Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қайта қалпына келтірілген «Жартасты соқпақ» жолын тексерді.
-Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Келген жылымыз берекелі, қуанышқа толы жыл болсын деп тілеймін. Ақпан айында жартастағы соқпақта тас құлап аталған жолды уақытша жапқан болатынбыз. Тұрғындардың сүйікті орны тез арада демеуші көмегімен жөнделді. Демеуші азаматқа рақметімді айтамын, - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.