Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев аудан тұрғындарына 10 пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Пәтерлер Маңғыстау ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан.
Берілген пәтерлерде толықтай жөндеу жұмыстары өткізіліп, барлық коммуникация желілерімен толық қамтылған.
Баспаналар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға, көпбалалы отбасыларға берілді.
- Барша баспана иелерін шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа құт, береке тілеймін! Сіздер бұл күнді көп күттіңіздер! Наурыз Мейрамы құтты болсын, - деді аудан әкімі Ержан Күмісқалиев.
Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді жоспары жалғасады.