Ақтауда 15-22 тамыз аралығында облыс аумағында "Пробация" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Қызметкерлер полицейлермен бірге құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, оны болдырмау мақсатында есепте тұрған тұлғаларды үйлерінен тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараның бірінші күні 100-ге жуық тұлға тексеріліп, оның ішінде 10 адам үйінде болмағаны анықталды. Пробация қызметкерлері олардың түсініктемесін алып, ескерту берді. 1 тұлғаға қатысты материал жинақталып, сотқа ұсынылады.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД пробация есебінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған 900-ден астам тұлға бар.