Ақтауда PBL-жоба негізінде білім беретін бастауыш мектебі ашылды. Жаңадан ашылған жеке мектеп 180 бастауыш сынып оқушысына арналған. Қазіргі таңда оқушылардан құжат қабылданып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мектептің негізгі миссиясы – ІТ технологияларды интеграциялау арқылы заманауи білім беру жүйесін ұсынып, шығармашылық пен инновациялық ойлауды дамытуға ықпал ету. Оқушылар ойы мен идеясын еркін білдіре алатын орта жасап, болашақ көшбасшыларды қалыптастыру.
Сондықтан да мектепте оқушылардың зерттеу, сараптама жасау, қызықты сұрақтар мен мәселелерге жауап іздеу, өмірге бейімдеу, сыни ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатында PBL жобалық оқытуға басымдық берілген. Бұдан бөлек Сингапур математикалық әдісі, STEAM жобасы, тереңдетілген ағылшын тілі мен робототехника оқытылады.
- Мектеп соңғы үлгідегі, сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда қоғам талабына сәйкес жоғары дәрежелі психолог-логопед, білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Сабақтан тыс оқушының қалауына қарай, яғни каратэ, би, шахмат, робототехника сынды үйірмелер ашылады. Бұл бағытта қазір білімді, жоғары дәрежелі мұғалімдерді конкурспен қабылдау жүріп жатыр. Ал балалардың барлығына есігіміз ашық. Себебі мектепке қандай оқушы келсе де, біз баланың бойынан белгілі бір дағдығы бейімділігін тауып, оны шыңдау бағытында жұмыс жүргіземіз, - дейді «Sunqar» бастауыш мектебінің директоры Зейнеп Тастемірова.
Зейнеп Тастемірованың айтуынша, ата-ана «Sunqar» бастауыш мектебіне баласын оқыту үшін айына 130 000 теңгеден төлеуі керек. Оқу ақысы негізгі оқу бағдарламасын, үш мезгіл тамақ беруді, мектеп формасы мен кітап, жұмыс дәптерлерін қамтиды. Мекенжайы – 28 шағынаудан, 74 ғимарат. Байланыс нөмірі - 8 (706) 804 04 04.
«Sunqar» бастауыш мектебі әрбір баланың сапалы білім алуын қамтамасыз етуге дайын!