Ақтаудағы тұрғын үйдің біріне пәтер иелері кооперативі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алайда бір жылға да шыдамай, жары жарылып, беті сыпырылып түскен. Осылайша үй тұрғындарының бірі жөндеу жұмысын түзетуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мирамгүл Тұңғатарова мамандығы бойынша мұғалім. Ол 28 шағынаудандағы үйдің кіреберісін өз бетінше ұлттық нақышта безендіріп, киіз үйге айналдырды.
«Мирамгүл мұны демалыс кезінде жасаған. Кіреберіс есікті сүйіспеншілікпен безендіргені соншалық, тұрғындар мен қонақтардың көңілін көтеріп, қуантады», - дейді тұрғындар.