Бүгін "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" республикалық жобасы аясында "Ана әлдиі" онлайн видеоролик байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды әжесі Гүлбану Кукишова мен немересі Айзере Таджибаева қанжығаға байлады. I орынға 5 жасар Асылай Хасанова мен әжесі Гүлзира Джакаева ие болды. III орынды Ақтау қаласының 4 жасар бүлдіршіні Сальсабиль Қады мен әжесі Гүлнар Ерпанова алды. Сондай-ақ барлық қатысушыға диплом, сыйлықтар табысталып, аяулы аналарға «Ақ орамал» акциясы аясында ақ орамал сыйға тартылды.
- Бағалау критерийлері бойынша бейнероликтің тәрбиелік, дамытушылық мәніне, орындалу шеберлегіне, мәтіннің мағыналы болуына аса назар қойылды. Байқау өткізу арқылы жас ұрпақтың санасына тәрбие мен салт-дәстүрді ұғындырып, мәдени құндылықтарымызды насихатталады, - дейді ұйымдастырушылар.