© скриншот
Ақтау тұрғыны теңіз жағасында күннің ұясына батып, іңір көкжиегінің сиякөк түске боялған ерекше видеосын инстаграм парақшасына жүктеген. Тұрғындар осыншалықты әсем көрініске таң қалып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау тұрғыны Әбділ Болатбек күн батып бара жатқан сәтте теңіз жағасына серуенге шығып, сол сәтті видеоға түсіріп алған. Видео астына пікір қалдырғандар теңіздің тамаша сұлу табиғатына тамсанып, бұл жерді көзбен көру керек екенін айтып жатыр. Кешкілік ымыртта теңіз бетінде күннің әсерімен шағылысқан әралуан түсті бояулар оқырмандарды қызықтырған.
Видео иесі бұл бейнені аздап өңдеп, сәл ғана әр бергенін жасырмады.