Әлеуметтік желілерде интернет алаяқтықтың жаңа түрлері жылдан жылға қарқыңды дамуда және интернет алаяқтықтың жаңа түрлері, жаңа схемалары күннен күнге жаңаруда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Егер де сіздің ұялы телефоныңызға СМС хат келіп түскен жағдайда және сізден сілтемемен өтуіңізді сұраса, сондай-ақ өзіңіз туралы мәлімет қалдыруыңызды немесе өтініш қалдыру туралы талап болса, ешқашан ондай мәліметтерді толтырмаңыздар.
Егерде әлеуметтік желілерде сіз инвестиция немесе қаражатты көбейту туралы жарнама көрсеңіз немесе лотерея ұтысына қатысып жүлде ұттыңыз деген хабарлама келсе сақ болыңыз - ол алаяқтар», деді Ақтау қалалық полиция басқармасы.
Видеода алаяқтардың жиі қолданатын сөздері көрсетілген.