Қала тұрғындары әлеуметтік желіде "Отпан-тау" тарихи-мәдени кешенінің аумағындағы Амал Мейрам мерекесі өтетін жерге дейін тегін апаратын көлікті ұйымдастыру бойынша әкімдіктің жұмысына шағым түсірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Сағат 13:00-де барады деп уәде етілген ақысыз автобус сағат 12:30-да болған жоқ, оған дейін кетіп қалды. Бір топ адам әлі де автобус күтіп тұр", - дейді тұрғындар.
Тағы бір желі қолданушысы: "Бұл көптеген адамдар келді, алайда бірінші автобус кетіп қалды. Жақын арада адамдарды алып кететін екінші автобус келеді. Бірақ оған барлық адамдар сыя ма?», - деп жазды.
Ақтау әкімдігінің мәліметінше, биыл олар Отпан тауға баруға ниеттілердің мұншалықты көп легін ешкім күтпеген көрінеді.
"Өткен жылы екі автобус бөлініп, жартылай бос болған автобус бағыт бойынша жолға шықты. Осыны ескере келе, биыл екі автобустың орнына 65 орынға есептелген бір автобус қарастырылды. Аталған көлік сағат 12:20 -да жиналу орнынан қозғалды", - деді Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Соңынан екінші автобус ұйымдастырылып, жиналу орнынан Отпан тауға баратын адамдарды алып кетті.