Қала тұрғындары Ақтау әкімінің есеп беруге арналған кездесуінде шағын аудандардағы сауда нүктесін салу және үй тұрғындарының құқықтарын бұзу бойынша құрылысшылардың іс-әрекеттерінің заңдылығы туралы мәселелерді көтерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 7 шағын ауданда 21 үйдің артында көлік жуатын орын салынды. Бұған дейін біз мейрамханалармен күрестік. Көлу жуатын орынның жанында ойын алаңы бар, сол жерден балаларға қарай су шашырайды. Құрылыс кезінде де солай болды. Көлік жууорны түнімен жұмыс істейтіндіктен бұл жерде шу арылмайды. Аталған орында суды тазартатын жабдық жоқ. Бәрі жалпыға ортақ кәрізге құйылады. Жолды жапты. Қалалық әкімдікке арыз қалдырдым. Жол жабылып, ешқашан қалпына келтірілмегендіктен олар тағы да басқа жерді қазып алды. Көлік жуу орнының айналасында мектеп, балабақша, қуыршақ театры, балалар және спорт алаңдары бар. Үйден 10 метр қашықтықтағы көлік жуу орнын қалай салуға болады? Өткен жылғы мамыр айыан бастап біз мәселені шеше алмаймыз келеді, - деп шағымданды Ақтау қаласының тұрғыны.
Бұл сұраққа есеп беру кездесуіне қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жауап берді.
- Бұл кездесу Президенттің азаматтық қоғамды одан әрі дамыту туралы тапсырмасын орындау мақсатында өтіп жатыр. Біз мұндай өтініштерді қабылдаймыз және мүмкіндігінше тез жауап беруге тырысамыз. Шағын құрылыс, кәсіпкерлік нысандарын қалада және басқа елді мекендерде орналастыру мәселелері өте өткір болып отыр. Біздің негізгі міндетіміз - кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту, салық салынатын базаны кеңейту және толықтыру, жаңа жұмыс орындарын құру болып отыр. Бірақ, сонымен бірге, жұмыс орындарын құру кезінде мүмкіндіктерді шектемеуіміз және тұрғындар үшін қолайсыз жағдайлар жасамауымыз керек. Біріншіден, біздің міндетіміз - қала тұрғындарының лайықты, жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету. Өкінішке орай, іс-шараларды жүзеге асыру кезінде белгілі бір дәрежеде басқа нысандардың мүдделері қозғалады. Бұл мәселені біз түсінеміз, белгілі бір кемшіліктер жіберілді. Көлік жуу орны сіздің ойыңызша, ол жерде болмауы керек. Жалпы, оның санитарлық-эпидемиологиялық, өндірістік басқа да талаптар бар. Сондықтан облыс әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаевқа, қала әкімі Ербол Ізбергеновке сіз көрсеткен нысанған комиссиялық тексеру жүргізуді тапсырамын. Егер бизнес тарапынан бұзушылықтар болса, онда біз сіздің құқықтарыңызды қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдаймыз, - деді Нұрлан Ноғаев.