Кәуәпханадан шыққан түтін бірден бірнеше шағын ауданға, атап айтсақ 5ш/а, 6ш/а, 8ш/а және 22 ш/а тарайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындар Ақтаудағы 6 және 8 шағын аудандардағы кәуапханалардан шыққан түтіннен күн сайын тұншығып жатқандарын жазуда.
"Пешке не салып жатыр? Резеңке, пластмасса? Неліктен соншалықты ащы, тұншықтыратын түтін бар? Неге сол маңда тұратын тұрғындарды ешкім ойламайды? Экологиялық нормаларды сақтамайтын бұл асханаларға кім рұқсат береді? Сұрақ көп, бірақ жауап – жоқ. Тұрғындар арасында аллергиямен ауыратындар да бар, олар да әбден шаршады»,- дейді қала тұрғындары.
Облыстық табиғатты қорғау басқармасы бұл мәселеге қатысты тұрғындардың арызынсыз тексеріс бастай алмайтындарын түсіндірді. Сәйкесінше прокуратура бұл мекемелерді тексеруге тұрғындардың арызынсыз рұқсат бере алмайды.