Ұлықбек Тналиев тағайындалған алты күн ішінде әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, қала тұрғындарының сауалдарына жауап беруде, деп хабарлайды mangystaymedia.kz сайты.
Жаңа әкім облыс әкімдігінің телеграм-арнасындағы және қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты сауалдарға белсенді жауап жазуда. Атап айтқанда, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу, жолаушылар бағытында автобустарды көбейту, қоқыс шығару, ыстық суды қосу және т.б. тақырыптарда қойылған сұрақ иелері әкімнен жауап алды.
– Құрметті қала тұрғындары, жол тазалау, қоқыс шығару, жолаушылар тасымалы, жарықтандыру – барлығы да әкімдікте емес, кәсіпкерлер қызмет көрсететін бәсекелестік ортада. Біз әкімдік ретінде заң аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалаймыз, кейде сотқа жүгініп, оларды жосықсыз жеткізушілер деп тануға тура келеді, бірақ бұл уақытты талап етеді. Сондықтан барлық қызмет көрсетушілерден қызмет көрсетуді адал, уақытылы және сапалы көрсетулерін сұраймын. Сіздер тапсырыс беруші ретінде бізді ренжітіп жатсыздар, салдарынан халық қолайсыздыққа ұшырауда», - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев облыс әкімдігінің телеграм-арнасында.